15 наурыз - Қайырымдылық күні

15 наурыз - Қайырымдылық күні

15 наурыз - мейірімділік пен татулықты насихаттайтын қайырымдылық күні.

Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, адамдарды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады.

Осы орайда, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті «Источник» қарттар пансионатына барып, пансионат тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтап, сый-сияпат көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді.

Наурыз мейрамының бір күнін осы тақырыпқа арнау өскелең ұрпақ тәрбиесінде өз ізін қалдыратыны сөзсіз.

 

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі