«Әскердегі әйел: Бағалау және Құрмет»

«Әскердегі әйел: Бағалау және Құрмет»

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Елена Арефина Орал қаласы № 35 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары арасында «Әскердегі әйел: Бағалау және Құрмет» тақырыбында өткен іс-шараға қатысты.
Кездесуге шекара қызметі, Ұлттық ұлан, қалалық қорғаныс басқармасының өкілдері де келді. Шара Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні және Алғыс айту күніне орайластырылды.
Іс-шара қонақтары өз қызметтері, оның қызығы мен қиыншылықтары туралы да айтып берді. Лицей оқушыларына әскери қызметтегі әйелдердің күнделікті өмірі туралы баяндайтын бейнероликтер көрсетілді.
Оқушылар бейнематериалдарды көрген соң, қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдаудағы арман-мақсаттарын жеткізді.
Бұдан соң, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Н. Бойков лицейдегі әскери мұражаймен, ондағы түрлі әскери артефактілер жиынтығымен таныстырды.
Кездесуге қатысушылар балаларды ведомстволық министрліктердің жоғары оқу орындарына оқуға түсуге шақырды.
Кездесуде жылы тілектер айтылып, соңында естелік суреттерге түсумен аяқталды.