Тұрмыстық газ – күнделікті өмірді жеңілдететін үйреншікті зат. Бірақ, егер сіз қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз, ол қайғылы жағдайдың көзіне айналуы мүмкін.
Соңғы 3 жылда облыс аумағында газ баллон жарылуының 6 оқиғасы орын алды, салдарынан 1 адам қаза тауып, 8 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Негізінен газ баллондарының жарылуына тұрғындардың өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтамауы, сондай-ақ, газ баллонының ақаулығы болып табылады.
Осыған байланысты, жылу беру кезеңінде тұрғын үйлердегі өрттердің, газ баллондарының жарылуының алдын алу және болдырмау мақсатында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрмыстағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салады:
Пайдалану аяқталғаннан кейін баллон кранын жабуды ұмытпаңыз.
Төтенше жағдай орын алғанда 101, 112 (газ қызметі 104) телефондарына қоңырау шалыңыз! Өзіңізді және жақындарыңызды өрттен қорғаңыз!
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы