Батыс Қазақстан облысында жылыту кезеңінің өту барысы туралы

Батыс Қазақстан облысында жылыту кезеңінің өту барысы туралы

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Талғат Айтжанұлы Темірғалиев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Батыс Қазақстан облысында жылыту кезеңінің өту барысы туралы» тақырыбында сөз сөйледі.

Батыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылы 86 өрт оқиғасы тіркелді, өрт салдарынан 5 адам жарақат, қаза тапқандар жоқ.

Статистикалық мәліметке сәйкес, өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында орын алады. Осылайша, 2024 жылдың өткен кезеңінде тұрғын үй секторында 46 өрт оқиғасы орын алды, бұл жалпы өрт оқиғалары санының 53%-ын құрайды.                                              (2023 ж. - 58 өрт, 20,7% - ға төмендеді).

Облыс аумағында жылу беру кезеңінің басынан бері (2023 жылғы 1 қазаннан бастап) тұрғын үй секторында 130 (-8,5%, 2023 – 142) өрт оқиғасы орын алып, салдарынан 1 адам қаза тапты (-80%, 2023 – 5), 2  адам жарақат алды (-33,3%, 2023 – 3).

2023-2024 жж. жылу беру кезеңінде жылумен қамтамасыз ету объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ТЖД-ның ерекше бақылауында.

Жылу беру кезеңінің алдында «Жайықтеплоэнерго» АҚ және «Ақсайжылуқуат» мекемелерге қатысты  тексеріс іс-шаралар жүргізіліп, оның қорытындылары бойынша объект басшыларына нәтижелер туралы актілер және жою мерзімі көрсетілген ұйғарымдар табыс етілді.

Жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттер және тұрмыстық газбен уланумен байланысты төтенше жағдайлар саны күрт артады.

Өрттердің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ адамдардың улы газбен улануының алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын 2 кезеңде тұрғын үй секторының аулаларын аралап, халықпен профилактикалық іс-шаралар жүргізеді (1-ші кезең 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін жылыту кезеңіне дайындық барысында, ал 2-ші кезең 15 қыркүйектен бастап жылу беру кезеңі аяқталғанға дейін өткізіледі).

Профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар санатына ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта Департамент осы санатқа жататын 443 отбасын есепке алды.

Профилактикалық іс-шараларды бірінші кезеңінде Департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, үйлерді толықтай 100% аралады.

Аралау жүргізу кезінде 443 үйдің 352-де өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған, оның ішінде, автономды жылыту жүйелерімен байланысты 166 бұзушылық, электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға байланысты 219 бұзушылық және басқа 61 бұзушылық анықталды. Қазіргі уақытта бұл үйлерге қайта бару жұмыстары жүргізілуде.

Өртте адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алуға бағытталған іс-шаралардың бірі тұрғын үйлерде улы газ датчиктерін орнату болып табылады.

443 есепке алынған санаттағы азаматтардың тұрғын үйлерінде 443 (95,7%) улы газ датчиктері орнатылды.

Өткен жылу беру кезеңінің тәжірибесіне сүйене отырып, алдын алу жұмыстарымен бірінші кезекте төтенше жағдайларға бейім тұрғын үйлер қамтылуда. Осылайша, рейд жұмыстарымен 83 мыңнан астам үй қамтылды (оның ішінде 105 үйге кіргізбеді, 5691 үйде үй иелері болған жоқ), оның барысында 240 мыңнан астам азаматқа нұсқау берілді.

 

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Осы жағдайды пайдалана отырып, тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы тағы да еске салғымыз келеді. Жылыту пештерін, газ қондырғылары және электр жылыту құралдарын пайдалану кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. Балаларға пештерді жағуды тапсырмаңыз, үйде үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалдырмауыңызды сұраймыз.