
Бүгін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Теміржан Ермекұлы Танжанов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні» тақырыбында сөз сөйледі.
1-наурызда Алғыс айту күнімен қатар, Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Ағымдағы жылы Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні «Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар» ұранымен өтеді. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай жыл сайын өткізілетін іс-шаралар халықтын қауіпсіздігі мәселелеріне жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарын назарын аудару, төтенше жағдайларды болдырмау және орын алған жағдайда қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін дағдылау мақсатында ұйымдастырылады.
Жоғары оқу орындарында, мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде және басқа да оқу орындарында арнайы сабақтар, ойындар, жарыстар, конкурстар өткізіліп,, олардың барысында қатысушылар өзін-өзі қорғаудың қажетті дағдыларын игереді, әртүрлі дағдарыс жағдайлары туындаған кезде өзін қалай құтқаруды, басқаларды құтқаруды үйренеді.
23 ақпан сағат 11.00-де жоспарланған сейсмикалық жаттығуларда авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізу, өңір тұрғындарын төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларына үйрету шаралары жоспарлануда.
ҚР 2.03-30-2017 «Сейсмикалық аймақтарда құрылыс» ережелер жинағына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының аумағында қарқындылығы 5-6 балл болатын жер сілкінісі аймағына 9 елдімекен енеді, олар: Орал қаласы, Жаңақала, Казталов, Бөкей ордасы, Тасқала, Теректі, Ақжайық, Шыңғырлау, Бәйтерек аудандары.
Жер сілкінісі орын алған жағдайда әрбір тұрғын келесі ұсынымдарды білуге тиіс:
Жер сілкінісі аяқталған соң келесі нұсқаулықтарды орындаңыздар!