
2024 жылдың басынан Батыс Қазақстан облысының аумағында автокөлікте 74 өрт оқиғасы тіркелді, өрттің жалпы санынан 26 өрт оқиғасы автокөлікте орын алған, 2023 жылдың ұқсас кезеңінде 15 өрт автокөлікте болды, 73,3%-ға өскені байқалуда.
Көлік материалдық құндылықтар мен басқа жүктерді тасымалдауға арналған жағдайларда, бұл тек материалдық шығындар туралы ғана емес көлікті жүргізетін адамдардың, сондай-ақ, ондағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Статистикаға жүгінсек, көліктегі өрттердің саны үнемі өсіп келеді, ал оның салдарының ауырлығы бойынша мұндай оқиғалар жол-көлік оқиғадан аз емес.
Автокөліктегі өрт көбіне көлік құралдарының ерекшеліктері мен адами факторға байланысты, атап айтқанда:
- көліктің ішкі безендіруінде жанғыш материалдардың көптігі,
- электр кабельдерінің көптігі,
- электр сымдарының ақаулары,
- қыста тораптар мен механизмдерді жылыту үшін ашық от көздерін пайдалану,
- көлік пайдалану ережелерін бұзу,
- тез тұтанатын сұйықтықтарды тасымалдауға және жанғыш материалдардың сақталуына қойылатын талаптарды бұзу.
Көлік қозғалыс жылдамдығына байланысты, жану ошағына қосымша оттегі барып, жануды күшейтеді. Осы себептер өрттің салонға бірнеше минут ішінде таралуына әкеледі. Жалын мен өрт қиын жерлерде болғандықтан, оларды өрт сөндіргіштің көмегімен жеңу мүмкін емес. Қозғалтқыш бөлігі - автокөліктің өртке ең қауіпті орны болып табылады. Бұл маңызды орынды өрттен, ал жолаушылар мен тасымалданатын жүкті ауыр зардаптардан қорғау өте қиын. Өрт бірден таралып, адам өлімін болдырмау үшін оны дереу жою қажет. Автокөліктегі өртті сөндіру өрттің бастапқы кезінде қолайлы болады. Өрт ошақтары қозғалтқышта және жанғыш материал мен тұтану көзі жақын орналасқан жерлерде болуы мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, көлік салонында өртті сөндіру кезінде, капотты ашпай, осылайша отты күшейтетін қосымша оттегін щектеу, өртті сөндіру неғұрлым тиімді болады.
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бакылау басқармасы