Республикалық «Көктем-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығу барысы туралы

Республикалық «Көктем-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығу барысы туралы

Республикалық «Көктем-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығу барысы туралы

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға дайындығын жетілдіру мақсатында 2024 жылғы 8-9 ақпан аралығында облыс аумағында республикалық «Көктем-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Жаттығудың мақсаты – облыстық азаматтық қорғау жүйесінің көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығудың жоспарына, республикалық штабтан келіп түскен сигналдарға сәйкес азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйесін «күнделікті қызмет» режимінен «жоғары дайындық» және «төтенше жағдай» режимдеріне көшіру мәселелері пысықталатын болады.
Екі күн ішінде тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен жол қызметтерінің дайындығын тексеру мақсатында азаматтық қорғау қызметтерінің көктем кезеңіндегі түрлі сипаттағы төтенше жағдайларға тәжірибе түрінде әрекет етулері пысықталатын болады.
Жалпы жаттығу барысында 52 кіріспе пысықталып, оның барлығы да тәжірибе жүзінде нақты су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізу жоспарлануда (арықтарды, каналдарды және су өткізу құбырларын қардан тазалау, елдімекендерден қар шығару, мұз кесу, бұрғылау, қапшықтарды инертті материалдармен толтыру жұмыстары т.б.).
Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша азаматтық қорғаудың олбыстық жүйесінің көктемгі кезеңге дайындығына тиісті баға берілетін болады. Жаттығуды өткізуге барлығы 244 бірлік техника, 942 адам жұмылдырылады.
Осы оқу-жаттығу аясында тұрғындарды және ұйымдар мен мекемелерді кең ауқымда жүргізіліп жатқан қар шығару шараларына қатысуға шақырамыз.