
Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу
Жылу беру кезеңінің басынан бері (1 қазаннан бастап) тұрғын үй секторында 124 өрт оқиғасы орын алды, онда 1 адам қаза болып, 2 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрттер санының 6% - ға (2022-2023 жж. - 132), қаза тапқандар санының 80% - ға төмендеуі (2022-2023 жж. - 5) және жарақат алғандар санының 1 жағдайға (2022-2023 жж. - 1) өсуі байқалуда.
Өрттердің алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын тұрғын үй секторнда профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Оның барысында тұрғындармен профилактикалық әңгімелесулер, нұсқамалар жүргізіледі, өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдар, шұғыл қызмет телефондары бар жадынамалар мен парақшалар табысталады.
Тұрғын үй секторында өрттерді болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі қағидаларының қарапайым талаптарын қатаң сақтау қажет:
Өрт немесе түтін пайда болған жағдайда нақты мекен-жайын көрсете отырып өртке қарсы қызметіне, «101» немесе «112» нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.