
Қыс мезгілінде жылыту пештеріне жүктеменің артуы тұрғын үй секторындағы өрттердің негізгі себептері болуы мүмкін. 2024 жылдың басынан облыс бойынша 53 өрт тіркелді, өрттің жалпы санынан 12 жағдай жылыту пештерімен байланысты. Өрттер көбінесе кірпіш қалаудағы жарықтар, пештердің кірпіш қалауының қызып кетуі, жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды тұтату үшін қолдану, жанып жатқан көмірдің оттығынан немесе күлінен жерге түсіп кетуі, пештерлі бақылаусыз қалдыру нәтижесінде пайда болады. Қатты аязда пештер ұзақ уақыт бойы қызады, осыған байланысты кейбір бөліктер қызып кетеді. Егер бұл бөліктер ағаш қабырғалар немесе жиһаздарға жақын тұрса өрт шығуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін алдын алу шаралары мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, алайда бүгінгі таңда мәселе өзекті болып қала береді.
Пешті ұзақ мерзім және қауіпсіз пайдалану үшін төмендегідей талаптарды есте ұстаған жөн: пеш пен мұржаның жарамдылығын тексеру, жөндеу және күйені тазарту, жарықтарды сазды-құмды ерітіндімен жабу, төбедегі, шатырдағы және шатырдың үстіндегі түтін құбырын ақтау қажет. Кем дегенде үш айда бір рет тұрғын бөлмедегі пештердің мұржаларын жиналған күйеден тазарту керек. Пешті күніне 2-3 рет 1-1,5 сағат қыздырған жөн. Жанғыш материалдарды сақтамаңыз, кірді пештердің жанында немесе пештің үстінде кептірмеңіз. Жылыту пештері мен басқа да тұрмыстық жылыту құрылғыларында жанғыш құрылымдардан өртке қарсы бөліктер (шегіністер), сондай-ақ жанғыш материалдардан жасалған еденде өлшемі 0,5 х 0,7 м алдын ала жағу парағы болуы керек.
БҚО ТЖД Мемелекеттік өрт бақылау басқармасы