
Батыс Қазақстан облысында Крещение түні су айдындарында 1417 адам, оның ішінде 299 бала шомылу рәсімін жасады.
Шомылу рәсімі ресми түрде 27 жерде ұйымдастырылды.
Құтқарушылар және апаттар медицина орталығы және полицейлердің бақылауымен шомылу төтенше оқиғасыз өтті. Әрбір учаскеде төтенше және жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шомылушыларға бақылау орнатылды. Қатысушылар үшін алдын ала нұсқама өткізілді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Департаменттің жеке құрамы және апаттар медицина орталығынан барлығы 131 адам және 19 бірлік техника жұмылдырылды.