Ағымдағы жылдың 18 қаңтар сағат 23:00-ден бастап 20 қаңтар сағат 00:00-ге дейін «Крещение Господне» православиялық мейрамы кезеңінде тұрғындардың су қоймаларындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және суға шомылуына байланысты қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында, Департаменттің аумақтық, құрылымдық және ведомстволық бағынысты мекемелері қызметкерлері суға түсу орындарында кезекшілік ұйымдастырып, суға түсу ережелерін еске салады:
✔ұсынылады:
- суға түсер алдында денеңізді қыздырып, жаттығулар жасаңыз;
- суда бір минуттан артық болмаңыз;
- суға түскеннен кейін сүлгімен денеңізді құрғатып, құрғақ киім киіңіз;
- суға түскеннен кейін жидектер, жемістер немесе шөптерден жасалған ыстық шай ішіңіз!