Крещение православиялық мейрам кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу туралы

Крещение православиялық мейрам кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу туралы

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Қарабалаев және төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Рауан Қайырғалиев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Крещение православиялық мейрам кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу туралы» тақырыбында сөз сөйледі.

Қыс мезгілінде облыс халқы мен аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2023-2024 ж.ж. қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі өкімі шығарылды, онда барлық мекеме, ұйымдардың қыс кезеңіне дайындығы, халық пен аумақтарды қысқы кезеңдегі түрлі төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шаралар кешені көзделген.

Облыс бойынша 2023-2024 ж.ж. қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға жұмылдыру үшін 2480 адам және 955 бірлік техника, оның ішінде Департаменттен өтімділігі жоғары 80 бірлік техника дайындалды.

Тұрғындарға қыс мезгілінде түрлі сипаттағы қауіптер туралы ұялы байланыс операторлары (Kcell, Вelline, Теле2, Aсtiv), сондай-ақ «Дармен» қосымшасы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ескертіп отырады.

Қыс мезгілінде облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халыққа 63 рет SMS-хабарлама, «Дармен» қосымшасы арқылы 143 рет хабарлама жолданды, 30 рет дауылды ескерту жарияланды.

Ағымдағы жылдың қысқы кезеңінің басынан ауа райының нашарлауына байланысты автомобиль жолдары 67 рет жабылып (республикалық жолдар 34 рет, облыстық жолдар 27 рет), 6 рет қозғалысты шектеу енгізілді. Биылғы қыста 14 рет іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Өкінішке орай, ауа райының қолайсыздығы туралы алдын ала хабарламаларға қарамастан, көптеген жүргізушілер мен жолаушылар жазғы дизель отынымен алыс жолдарға шығып кетіп жатады, нәтижесінде белгіленген жерлеріне жете алмай, жолда қалу фактілері орын алып жатады.

Сөзімнің соңында тұрғындардың есіне қысқы кезеңде қауіпсіздік ережелерін тағы бір сала кеткім келеді:

Бұрқасынды және қардың қалың түсу кезінде тұрғындарға мүмкіндігінше  көшеде, далада жүруді шектеу, балаларды тек үлкендердің қарауымен ғана жіберу ұсынылады. Қыс кезінде жолға шығар алдында метерологиялық ақпаратты тыңдап, ауа райының өзгерісіне назар аудару қажет.

Ғимараттан тек қажет болған жағдайда ғана шығу, бірақ жалғыз шықпау. Алыс жолға шықпастан бұрын барлығын мұқият жоспарлап, кемінде алдағы екі тәуліктің ауа райы болжамын біліп алыңыз.

Әрбір көлікте қысылтаяң кезде өміріңізді сақтап қалуға мүмкіндік беретін және өмірге алғашқы қажетті заттар болуы қажет (жылы киім, қыздырғыш лампалар, майшамдар, тростар, қосалқы дөңгелек, күректер, ыстық шай құйылған термос, азық-түлік қоры т.б.).

 

 

Ағымдағы жылдың 18 қаңтар сағат 23:00-ден бастап 20 қаңтар сағат 00:00-ге дейін «Крещение Господне» православиялық мейрамы кезеңінде тұрғындардың су қоймаларындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және суға шомылуына байланысты қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында, Департаменттің аумақтық, құрылымдық және ведомствалық бағынысты мекемелері қызметкерлерімен суға түсу орындарында кезекшілік ұйымдастырылады.

Суға шомылу орындары жергілікті әкімдіктермен бекітілді.

Биылғы жылы Орал қаласының аумағында арнайы жабдықталған 12 суға түсу орындары белгіленді. Жалпы облыс бойынша 25 орын дайындалуда. Кезекшілікке барлығы 160-ден астам ТЖД қызметкер жұмылдырылады.

Құтқарушылармен қатар, шомылу орындарында Полиция департаменті мен медициналық жедел-жәрдем қызметтерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті халықтың су нысандарының маңында болған кезде мұқият және абай болуын сұрайды.

Суық суда ұзақ уақыт болу ағзаның аса тоңазуына әкеліп соқтыратынын есте сақтаңыз. Ол сіңір тартылуға, естен тануға, дем алудың қиындауын тудыруы мүмкін. Алкогольден мас болған жағдайда суға шомылуға тыйым салынады. Суға түскен кезде мүлдем спирттік ішімдік ішпеңіз. Шомылғанға дейін және одан кейін де ішуге тиым салынады.

Біртіндеп суыныңыз: алдымен сырт киімді, бірнеше минуттан соң аяқ киімді, содан кейін белге дейін шешініңіз, тек содан соң ғана суға шомылыныз.

Шомылудың алдында денені кез-келген майлы креммен немесе зәйтүн майымен ысқылаңыз. Суда 1-2 минуттан артық болмаңыз. Жағаға шыққаннан кейін құрғақ орамалмен сүртініп, жылы жерге кіріп, ыстық шай ішіңіз.

Азаматтарды келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз:

- шомылуға жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз;

- жалғыз және алкогольден мас болған жағдайда суға түспеңіз;

- құтқарушылар мен медициналық қызметкерлер жоқ жерде суға түспеңіз;

- балалардың ата-аналардың немесе ересектердің қарауынсыз суға түсуіне жол бермеңіз;

- суға тікелей мұздан секірмеңіз;

- ойықты ластамаңыз;

- суға иттер мен басқа жануарларды әкелмеңіз;

- жалған дауыс шығарып, көмекке шақырмаңыз;

- ойыққа автокөлікпен жақын бармаңыз;

- ойыққа баспен секіруге секірмеңіз.

 

Мерекеңіз қуанышты, ең бастысы – қауіпсіз болсын!