Заңдылық бәрінен бұрын!

Заңдылық бәрінен бұрын!

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінде «Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі проблемалық мәселелер» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинар Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі А. Бисенованың төрағалығымен облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары: сот төрайымы Алтынай Абубакировна Давлетова, судья Азамат Жумаевич Бурамбаевтың қатысуымен өткізілді.
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мереке Жумагалиев, азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Теміржан Танжанов тиісінше бағыттар бойынша өткен жылға шолу жасады.
Семинар барысында облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары және Департаменттің жеке құрамы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі проблемалық мәселелерді қарастырып, оның шешу жолдарын айтқан болатын.
Сот төрайымы А. Давлетова Департаменттің лауазым тұлғаларының өтініштерді қарау және әкімшілік актілерді шығару рәсімдерін қатаң сақтау қажеттілігіне баса назар аудара отырып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процессуалды кодексінің негізгі позицияларын түсіндірді.