
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында 2023 жылғы қараша айында № 29 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ашылды. Жайлы, кең ғимаратта қызметтік міндеттерді атқаруға жағдай жасалған. 2024 жылғы 8 қаңтарда Департамент психологы жас қызметкерлердің қызмет атқаруға психологиялық тұрғыдан дайындығын арттыру мақсатында психологиялық ағарту жұмыстар жүргізді. Қызмет өткеру ерекшеліктері, экстремальды жағдайларға дайын болу, стресске төзімділік, деструктивті мінез-құлықтардың (суицид, ішімдік ішу, наркотикалық заттарды пайдалану, лудомания) алдын алу бойынша ақпарат жеке құрам назарына жеткізілді.
Бөлім басшысымен жас қызметкерлерді қызметке дайындау бойынша кеңес өткізіліп, ұсыныстар берілді. Жас қызметкердің қызметке шапшаңырақ бейімделуі, оның әрі қарай тиімді қызмет атқаруына үлкен әсерін тигізеді.
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық қызметі