
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, құқықтық статистика органдары, өңір кәсіпкерлері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу мәселелері бойынша өткен кеңеске қатысты.
Аталған іс-шара барысында кеңестің барлық қатысушыларына мемлекеттік өрт бақылау саласында жаңа реттеу саясатын енгізу бойынша ақпарат жеткізіліп, сондай-ақ, шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий аяқталғаннан кейін өрт қауіпсіздігі саласында профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібіне қатысты толық түсіндірмелер берілді.
Сондай-ақ, кеңес барысында Департамент өз құзыреті шеңберінде жүзеге асыратын бақылау-тексеру іс-шараларын жүргізуге қатысты қатысушылардың қызықтырған сұрақтарына толықтай жауап берді.
БҚО ТЖД Мемлекеттік
өрт бақылау басқармасы