Құмар ойындар (лудомания) проблемасы

Құмар ойындар (лудомания) проблемасы

«БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ   № 29 өрт сөндіру бөлімінде Батыс Қазақстан облысы аумағына танымал аддиктолог, блогер Т. Сағитовпен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің мақсаты - қызметкерлердің өз денсаулығына жауаптылығын арттыру, өз құндылықтарын түсінуіне ықпал ету болып табылады.

Аддиктолог өзінің өмірлік тәжірибесі мен тәуелділіктің алдын алу бойынша пайдалы ақпаратпен бөлісті. Кездесуге Қызметтің № 9 және № 28 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

№ 29 ӨСБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Т. Нұржанов құмар ойындар (лудомания) проблемасының өзектілігіне назар аударды.

Кездесуде лудомания және оның даму кезеңдері, тәуелділіктің пайда болу белгілері талқыланды.

Кездесу соңында қызметкерлер  ақпараттан алған әсерлерімен бөлісіп, өздері үшін қандай қорытынды жасағанын айтып, тақырып бойынша қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.