
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ психологі С. Мухамбетжанова жас қызметкерлер арасында кино мәдениеті арқылы рухани, адамгершілік-эстетикалық тәрбиені нығайту мақсатында, Ю.Гагарин атындағы кинотеатрда болып жатқан «Анаға апарар жол» мелодрамасына апарды.
Кинода 1930 жылдан бүгінгі күнге дейінгі кезең сипатталған.
Фильмде ұжымдастыру, жұт, әскери және соғыстан кейінгі жылдар, өмір жолында қиындықтары көп болған бала Ілияс туралы суреттелген. Ол анасынан ерте айырылып, онымен ұзақ уақыт кездесе алмаған. Ілияс мықты төзімділікті, патриотизм, батылдық және адалдықты көрсетеді. Тіпті өлімнен қорықпай, Анасымен қайта қауышуға деген үмітін жоғалтпайды.
Фильмге келген жас қызметкерлердің айтуынша фильм көп нәрсені ой елегінен өткізуге, жақындарымызды бағалау, өмірді сүю, Отанға деген адалдық туралы ой салған.