Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні Департаменттің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының қызметкерлері облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының қызметкерлері мен оқушыларына өрт қауіпсіздігі тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында, қатысушыларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, балаларды ересектердің қарауынсыз жалғыз қалдыруға және оларға жылыту пештерін, электр аспаптары мен газ жабдықтарын бақылауды сеніп тапсыруға болмайтындығы туралы айтылды. Сондай-ақ, шара кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, Брайль әліппесінде жазылған көрнекі жадынамалар табыс етілді.

Төтенше жағдайлар департаменті жылыту пештерін, электр құралдары мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды, сондай-ақ, үй-жайларды жылыту үшін қолдан жасалған жылытқыштарды пайдалануға болмайтындығын ескертеді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, Сіз өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың өмірін аман сақтап қала аласыздар!