
13 желтоқсан күні «ӨС және АҚЖҚ» ММ психологиялық қызмет тобының психологі азаматтық қорғау подполковнигі С. Мұхамбетжанова практикалық дағдыларды пысықтау мақсатында тағылымдамадан өтіп жатқан жүргізуші қызметкерлерді Орал қаласындағы ең көне № 5 өрт сөндіру бөлімінде кездесу ұйымдастырды.
Өрт сөндіру бөлімінің ұжымы тағылымдамадан өтіп жатқан қызметкерлерді ерекше жылы қарсы алды. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өз білімдері, тәжірибелерімен бөлісті.
Жас жүргізуші қызметкерлер өрт сөндіру бөлімінен соң № 5 ӨСБ өрт-техникалық орталығының мұражайына экскурсия жасады.