
Әуе шарларымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Алдағы мерекелер қарсаңында іс-шаралар өтетін орындар түрлі түсті шарлармен және түрлі әшекейлермен безендіріледі.
Департамент қызметкерлері «Romantik» және «Royal» дүкендер желісіндегі гүлдер мен әуе шарларының сауда орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Профилактикалық іс-шаралар барысында сауда дүкендерінің қызметкерлеріне баллондарды пайдалану кезінде және әуе шарларын үрлеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсініктемелер берілді, сондай-ақ өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар мен буклеттер табыс етілді.
Сонымен қатар, дүкендер басшылығымен гүлдер мен әуе шарларын сату барысында өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар мен буклеттерді тарату мәселесі пысықталды.