
Ағымдағы жылғы 5 желтоқсан күні салтанат сарайында Халықаралық волонтерлер күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған мереке біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблеясының қолдауымен 1985 жылдан бастап жыл сайын 5 желтоқсанда аталып өтілуде. Волонтер болу – жүрек қалауы. Бүгінде елімізде тіркелген волонтерлар қатарында оқушылар, студенттер, жас мамандар, тіпті зейнеткерлер де бар.
Халықаралық волонтерлер күніне орай өткізілген салтанатты шарада Батыс Қазақстан облысы Департамент бастығының орынбасары подполковник Қ. Қарабалаев жыл ішінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағыты бойынша жұмыстарда көзге түскен волонтерларды, атап айтсақ, республикалық «Жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дулат Нұрланұлы Макатовқа, «Жайық жастары» волонтерлік корпусының жетекшісі Аружан Нариманқызы Бақтыгереева, Қазақстан студенттері альянсі ұйымының волонтерлері Мирас Ержанұлы Сансызбаев және Жасболат Өтеғұлұлы Ибраймға Алғыс хаттар табыс етті.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ІІ курс студенті Саясат Садуақасұлы Жарас «Төтенше жағдай саласындағы үздік волонтер» аталымы бойынша марапатқа ие болды.
БҚО ТЖД Баспасөз қызметі