
Су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Азаматтық қорғаныс басқармасы, Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп Жайық және Шаған өзендерінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды, оның барысында балықшыларға күзгі кезеңде балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі талаптарды назарға ала отырып, тиісті жадынамалар табыстады.
-Суға шығу алдында қайықтың жарамдылығын тексеріңіз, жеке құтқару құралдарын киіңіз;
-Су соруға арналған сыйымдылыкты, дәрі қобдишасын, шамды, жергілікті карта, орналасқан жеріңіз туралы хабарлау құралдарын алыңыз;
-Қайыққа отыру кезінде алғашкы қадамыңызды ортасына басу арқылы бастаңыз;
- Қайықтың бортына отырмаңыз;
- Балық аулау керек-жарақтарын борт бойына қойыңыз;
- Қайыкты тербеменіз, суға түспеңіз және сүңгіменіз;
- Қайыққа артық жүк тиеменіз;
- Спирттік ішімдіктер мен есірткі құралдарын пайдаланбаңыз.
Құрметті обылыс тұрғындар! Есіңізде болсын! Қауіпсіздік қағидаларының талаптарын елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.