
2023 жылдың басынан бері БҚО-да 505 өрт тіркелді, оның ішінде сауналар мен моншаларда 52 жағдай орын алды, оған қоса гараж, ас бөлмелер секілді шаруашылық құрылыстарда өрттер орын алады. Көбінде өрт жағдайы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болады. Өртті алдын алу үшін моншалардағы пешті жағу кезінде бензин немесе жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз. Жанып жатқан пештің мұржасының қызып кетуі, жанғыш материалдардан жасалған қабырғалардың пешке жақын орнату және моншаның ағаш құралымдарына ыстық көмірдің түсуі өртке әкелуі мүмкін. Жанып жатқан пештердің есіктерін ашық күйде қараусыз қалдырмаңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережелерінің келесі талаптарын сақтау қажет:
- тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстардың жанында қоқыс жағуға жол бермеңіз;
- ақаулы электр құралдарын пайдалануға тыйым салынады;
- оқшаулауы зақымдалған және қорғанысын жоғалтқан электр сымдарды пайдалануға болмайды;
- бірден бірнеше көп мөлшерде электр энергиясын тұтынатын бірнеше электр аспаптары бір розеткаға қосу арқылы электр желісінің мүмкіндігінен жоғары жүктелуіне жол бермеңіз;
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз, балалардың отпен ойнауы өрт шығу себептерінің бірі болып табылады.
Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау сіздің мүліктеріңізді өрттен сақтап қалуға көмектеседі.
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы