«Қыс-2023» РКШОЖ

«Қыс-2023» РКШОЖ

2023 жылғы 23-24 қараша аралығында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарды одан әрі жетілдіру және азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдары, күштері мен құралдарын Батыс Қазақстан облысы әкімінің ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау мақсатында облыс аумағында «Қыс-2023» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өткізіледі.

Республикалық «Қыс-2023» командалық штабтық оқу-жаттығудың мақсаты:

1) облыстық мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесі және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігінің деңгейін арттыру;

2) көлік жолдары мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуін бұзу жағдайында бағынысты күштерді басқару бойынша АҚМЖ аумақтық кіші жүйелерінің жұмысындағы үйлесімділікті жетілдіру;

3) құлақтандыру және байланыс жүйелерінің дайындығын, АҚМЖ барлық деңгейлерінде жедел кезекшілікті ұйымдастыруды, болжамды және диспетчерлік қызметтердің жұмысын, мониторинг жүргізуді, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтердің қорларын құруды тексеру;

4) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының жедел штабтарының жұмысын ұйымдастыру;

5) облыстық (қалалық және аудандық) қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар-ға ден қоюға дайындығын тексеру.

«Қыс-2023» РКШОЖ өткізу жоспарына сәйкес, оқу-жаттығу 2 кезеңде өткізіледі:

- бірінші кезеңде АҚМЖ басқару органдары, күштері мен құралдары дайындыққа келтіріледі, болжам негізінде ықтимал төтенше жағдайларды жою жөніндегі функционалдық міндеттерді орындауға АҚМЖ күштері мен құралдарын қолдануды дайындау және ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

- екінші кезеңде жедел жағдай бойынша төтенше жағдайларды жоюға шешімдер қабылданады.