
2023 жылғы 17 қараша күні Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында 2023-2024 жылдардың қысқы кезеңіне дайындығының жай күйі және автомобиль жолдарына қызмет көрсететін мердігерлерге жүргізілген комиссиялық тексеріс кезінде анықталған кемшіліктердің орындалуы бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыста облыстық маңызы бар 13 автомобиль жолдарына қызмет көрсететін 9 мердігер ұйым басшылары, Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайларды жою басқармасы қатысып, мердігер ұйымдарға нақты уақытын белгіленген бірқатар тапсырмалар берілді.