ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі М. Пшембаев 16 қараша күні азаматтық қорғау органдарының қызметімен байланысы бар «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Уральскагрореммаш» АҚ және «Резерв» РМК «Сигнал» филиалының № 1 объектілерін аралады.
Бұл зауыттар Департаментпен жемісті жұмыс істеуде үлкен тарихқа ие, цехтарында теңіз кемелері, қайықтар және басқа да жер үсті көліктері, сондай-ақ өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникалары жинақталған, суда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қабілетті авариялық-құтқару кемелері мен қайықтар көрсетілді.
«Уральскагрореммаш» акционерлік қоғамында төтенше жағдайларды жою және аса күрделі жағдайларда зардап шеккендерді құтқару бойынша жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік беретін техникалардың жаңа үлгілерімен таныстырды.
«Резерв» РМК «Сигнал» филиалының № 1 аумағын аралауда филиал қызметі, сондай-ақ, жарақтандыру, дабыл және периметрлік қоршауларды күрделі жөндеуден өткізу қорытындыларымен таныстырылды.
Сонымен қатар, Мереке Құдайбергенұлы жедел-құтқару жасағының орталық базасы аумағын аралап, Жасақ басшысы ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен сатып алынған құтқару техникалары мен жабдықтарын көрсетті.
Облыста соңғы екі жылда жергілікті бюджеттен қаржыландыруды бөлуде оң динамика байқалды, осылайша, 2023 жылы 35-тен аса түрлі техника, сондай-ақ, екі миллиард теңгеден аса сомаға 500-ден астам жабдықтар мен құрылғылар сатып алынды.