
Вице-министрдің Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Құдайбергенұлы Пшембаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Іссапар барысында Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайындағы басқару басқармасының жұмысы және күштер мен құралдарды басқару орталығының жұмысымен танысты.
Кездесу барысында есепті кезеңде атқарған жұмыстарының қорытындысы, алдағы атқаратын жұмыстар барысы туралы Департамент бастығы полковник Е. Өтегенов және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Манакбаевтың баяндамаларын тыңдап, өңірді төтенше жағдайлардан одан әрі қорғау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен бірге, М. Пшембаев қатысушыларға министрліктің жүргізіліп жатқан трансформацияның негізгі бағыттарын айтып,, қызметкерлердің әлеуметтік пакетіне жоспарланған өзгерістерді жеткізді.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі