Тұрғын үй секторындағы өрттер

Тұрғын үй секторындағы өрттер

Ағымдағы жылдың басынан бастап Батыс Қазақстан облысында болған 500-ден астам өрт фактысының 306 оқиғасы тұрғын үй секторында орын алды, 2022 жылы осыған ұқсас кезеңде 296 өрт болды, 3,3% - ға ұлғайу байқалды. Отқа абайсыз қарау салдарынан өрттің шығу себептері әртүрлі, пешті жылыту және тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Құрметті тұрғындар! Өртті сөндіргенше, алдын алуы оңайырақ екенін ұмытпаңыз. Кішкентай сіріңке үлкен қиындыққа айналуы мүмкін, ал немқұрайлылық үлкен шығындарға келтіру мүмкін.       Өрттердің алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын тұрғын үй секторы бойынша профилактикалық рейдтер жүргізеді. Тұрғын үйлердегі тұрғындармен түсіндірме жұмыстары, нұсқамалық жүргізулер, өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдар, шұғыл қызмет телефондары бар жадынамалар таратылады.

Тұрғын үй секторында өрттерді болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерінің  келесі талаптарын сақтау қажет:

- төсекте темекі шекпеңіз;

- қоқыс жәшігінде темекі тұқылын сөндірмеңіз;

- тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстардың жанында қоқыс жақпаңыз;

- ақаулы электр құрылғыларын пайдаланбаңыз;

- оқшаулауы зақымдалған және қорғанысын жоғалтқан электр сымдарды пайдаланбаңыз;

- бірден бірнеше электр тұтынушыларын бір розеткаға қосу арқылы электр желісінің мүмкіндігінен жоғары жүктелуіне жол бермеңіз;

– кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз-балалардың отпен ойнауы да өрт себептерінің бірі болып табылады.

 

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы