
Ағымдағы жылдың 14 қараша күні 101 пультіне 01 сағат 52 минутта Құрманғазы және Сарайшық көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар аталған мекенжайда Nissan және Skoda автокөліктерінің арасында қақтығыс орын алғанын анықтады. Жол-көлік оқиғасы орын алған кезде автокөліктерде барлығы 2 жүргізуші және 1 жолаушы болған. Құтқарушылар жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктердің бірінде қысылып қалған 1995 жылғы туған ер адамды (жолаушы) гидравликалық құралдардың көмегімен құтқарып, әртүрлі дене жарақатымен жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Жұмыс 02 сағат 20 минутта толықтай аяқталды. Оқиға орнында БҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының 1 техникасы мен 5 құтқарушысы жұмыс атқарды.