Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу

Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу

 

Жылу беру кезеңінің басынан бері (1 қазаннан бастап) тұрғын үй секторында 29 өрт оқиғасы орын алды, онда қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт санының 25,6% - ға төмендеуі байқалуда (2022ж. – 39).

Өрттердің алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын тұрғын үй секторы бойынша профилактикалық рейдтер жүргізеді. Рейд жүргізу барысында тұрғындармен профилактикалық әңгімелесулер, нұсқамалар жүргізіледі, өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдар, шұғыл қызмет телефондары бар жадынамалар мен парақшалар таратылады.

Тұрғын үй секторында өрттерді болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі қағидаларының қарапайым талаптарын қатаң сақтау қажет:

  • жылыту құралдарын пайдалану кезінде оқшаулағышы зақымдалған электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады;
  • электр жылыту құралдарын жанғыш заттардың жанына орнатпаңыз;
  • үйден шыққан кезде барлық электр жылыту құрылғыларын өшіруді ұмытпаңыз;
  • жылу беру кезеңі басталар алдында түтіндіктерді күйеден тазалауды ұмытпаңыз;
  • жарықтары бар пештерді пайдаланбаңыз;
  • жанып жатқан пештерді, желіге қосылған электр қыздырғыш және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
  • электр желісінің артық жүктелуіне әкелетін бірнеше қуатты электр тұтынушыларын бір мезгілде қосуға жол бермеңіз;
  • барлық тұрмыстық электр құрылғыларының жұмысын бақылаңыз;
  • пәтерде газ иісі сезген жағдайда, электр жарығын қосуға, сіріңкені жағуға, темекі шегуге, ашық отты пайдалануға жол бермеңіз. Мұндай жағдайда шұғыл газ қызметін шақырып және ол келгенге дейін үй жайды толықтай желдету қажет;
  • кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз-балалардың отпен ойнауы да өрттің себептерінің бірі болып табылады.

Өрт немесе түтін пайда болған жағдайда нақты мекен-жайын көрсете отырып өртке қарсы қызметіне, «101» немесе «112» нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.