БҚО Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында 9 ай қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында 9 ай қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті

3 қараша күні Батыс Казакстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында 2023 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті.

               Іс-шараға, ТЖ алдын алу және жою мәселелеріне жетекшілік ететін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ш.К. Айтмухамбетов және Орал қаласы әкімінің орынбасары, аудан әкімдері орынбасарлары, ҚР ТЖМ аймақтық құрылымдық бөлімшелері бастықтары, ТЖД құрылымдық және бағынысты бөлімшелері бастықтары сондай-ақ мемлекеттік мекемелері қатысты.

Кеңес аясында 4 мәселе қаралды. Олар Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс желісі бойынша қызметтің қорытындылары туралы,

су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарын орындау туралы, қысқы кезеңге дайындық туралы және Департаменттегі 2023 жылдың 9 айында тәртіптің, заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы.

Облыс әкімнің орынбасары және ТЖД бастығы өрт қауіпті, шомылу, жылыту, қысқы және су тасқыны кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

 Соңымен қатар, облыс әкімнің орынбасары қиын жұмыста толағай табыстар мен сәттілік тіледі.