Батыс Қазақстан облысында Құтқарушылар күні салтанатты түрде аталып өтті

Батыс Қазақстан облысында Құтқарушылар күні салтанатты түрде аталып өтті

Бүгін, 19 қазан күні Батыс Қазақстан облысының әкімі                     Н. Төреғалиевтың қатысуымен Құтқарушылар мерекесіне арналған салтанатты шара болды,

Шараға Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқандардың туыстары, осы саланың ардагерлері қатысты.

Аймақ басшысы Құтқарушылар күнін атап өтудің маңыздылығы мен мәніне тоқталды:

- «Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы – басты міндеті адам өмірін құтқару болып табылатын жоғары және жауапты миссия. Көптеген жылдар бойы қызметтік міндеттерін атқару барысында, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлармен бетпе-бет кездесіп келеді. Құтқарушы болу дегеніміз – қызметке адал болу, ерлік, батылдық, ішкі тәртіп, ең қиын жағдайда сауатты әрекет ету  қасиеттеріне ие болу.

Қадірлі құтқарушылар, халқымыздың қауіпсіздігін сақтау бағытында қосып жатқан үлестеріңіз ұшан-теңіз, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!».

Сонымен қатар, Департамент бастығы, полковник Ернұр Сапарұлы Өтегенов құтқарушылардың атқарып жатқан қиын да күрделі қызметтерін атап өтті.

Шарада ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды.

        Айта кету керек, жыл сайын Департаменттің ведомстволық бағынысты бөлімшелері 1975-тен астам авариялық-құтқару жұмыстары және кезек күттірмейтін жұмыстарға (тұрмыстық сипаттағы, авариялық-құтқару жұмыстары, іздестіру-құтқару жұмыстары, жол-көлік оқиғалары кезіндегі жанулар, өрттер) шықты, нәтижесінде, 327-ден аса адам құтқарылып, 276-дан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, 51-ден аса зардап шеккен адамға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді.