Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі –Департамент) бастығы полковник Е.С. Өтегеновтің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі №254 бұйрығы негізінде Департаменеттің мемлекеттік өрт бақылау, өрттерді анықтау бөлімшелерінде және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі саласы бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге арналған жалпы кезең 2022 жылғы 1 қаңтар және 2023 жылғы 1 қыркүйек аралығы болып анықталды.

Департамент және оның құрылымдық, бағынысты бөлімшелерінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Талдау қортындысы бойынша анықтама жасалып, ұсынымдар енгізілетін болады.

 

БҚО ТЖД Жеке құрам бойынша инспекциясы