
Бүгін Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Ернұр Сапарұлы Өтегенов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Өрт қауіпсіздігі кезеңінің өтуі туралы» тақырыбында сөз сөйледі.
2023 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша облыс аумағында 413 өрт оқиғасы тіркелді, өртте 8 адам қаза тауып, 7 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, өрттен келтірілген шығын сомасы 92 484 000 теңгені құрады.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер санының 7%-ға артуы, сондай-ақ қаза болғандар санының 3 адамға және жарақат алғандар санының 3 адамға өскені байқалады.
Өрттердің жалпы санынан тұрғын үй секторында 244 өрт тіркелді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға өсіп отыр.
Өрттердің негізгі себептері тұрғындардың отты ұқыпсыз пайдалануы, электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.
Облыс аумағындағы мемлекеттік орман қорының жерлерінде өрт қауіпті маусымы 5 сәуірден басталды. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында жалпы ауданы 24965,2 га болатын 14 табиғи өрт және жалпы ауданы 2179 га құраған 115 табиғи жану оқиғасы орын алды. Табиғи өртті сөндіру кезінде 1 адам жарақат алды. Өрттен келтірілген шығын көлемі 3,9 млн. теңгеден астам соманы құрады.
Орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді шешу мақсатында 2023 жылдың өрт қауіпті маусымында өрттердің алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.
Облыс аумағында ғарыштық мониторинг жүргізу мақсатында дала және орман аймақтарында жану нүктесін дереу анықтау мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» акционерлік қоғамымен 4 млн. теңгеге шарт жасалды. Өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап ғарыштық зондтау қорытындысы бойынша термиялық жанудың 118 нүктесі анықталды, оның 93 жағдайында жану расталды, 25 жағдай бойынша расталмады.
Облыс бойынша ұзындығы 1746 км құрайтын ауылдық елді мекендердің айналасында минералданған жолақтар орналастырылды. Сондай-ақ, орман алқаптарына темір жолдардың іргелес жерлерінде ауданы 1178,42 га.
Бүгінгі күні барлығы 1225 рейдтік іс-шаралар өткізіліп, 37 401 жадынамалар мен ұсыныстар табыс етілді. Рейд барысында жалпы сомасы 3 803 625 теңге болатын 240 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы облыс бойынша жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде жергілікті атқарушы органдармен 31 өрт сөндіру бекеттері құрылып, 78 011 тұрғыны бар 150 ауылдық елді мекеннің және іргелес дала алқаптарының қорғалуын қамтамасыз етеді.
Бұдан бөлек, арнайы жоспарға сәйкес 2023 жылы 19 098 тұрғыны бар 12 елді мекенді қамтамасыз ететін 6 өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған. Қазіргі таңда, 4 өрт сөндіру бекеті құрылды.
Қорытындылай келе, алдағы күндері облыс аумағында табиғи өрттер мен жанулардың пайда болуын болдырмау және алдын алу мақсатында Департамент тұрғындарға келесі өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауды сұрайды: