
БҚО ТЖД қызметкерлерінің автокөлікте өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіп жатқан профилактикалық жұмыстарына қарамастан, автокөлік санының ұлғаюымен атокөліктегі өрт саны да өсуде. Өрттердің көпшілігі жеке пайдаланудағы көліктерде болады. Автокөлік құралдарының өрттері әр түрлі жағдайларда болуы мүмкін: жол көлік оқығасы кезінде, көлік қозғалысы кезінде, қысқа мерзімді тоқтау кезінде, ұзақ уақыт ашық тұрақта немесе гаражда болған кезде. Бұл айырмашылықтар өрттің пайда болу себебінің көріну сипатына, оның динамикасы мен салдарына әсер етеді. Өртті бақылау қиын, ал егер өрт көлікте пайда болса, жалын бірнеше секунд ішінде көлікті толығымен жауып, жақын маңдағы басқа нысандарға таралуы мүмкін. Көліктегі өрттің қауіпі неде? Неліктен автокөлікте ауыр өрттер болады? Автокөлік өрттері, кез-келген басқа өрттер сияқты, кездейсоқ жағдайлардың нәтижесінен болуы мүмкін.
Автокөліктегі өрттің негізгі себептері-жанармай жүйелерінің немесе борттық электр жүйесінің электр жабдықтарының ақаулары. Автокөліктердегі өрт тұрақ, қозғалыс кезінде немесе көлікті жоюға бағытталған қасақана әрекеттер нәтижесінде болады. Мұның бәрі автомобилде көптеген жанғыш материалдар мен ықтимал өрт көздері болғандықтан және өрттің пайда болу ықтималдығы әрқашан бар.
Қарапайым техникалық пайдалану ережелерін сақтау маңызды. Қосымша электр жабдықтарын орнатқанда мұқият болыңыз, жанармай жүйесінің күйін үнемі қадағалаңыз. Көлігіңізде өрт сөндіргіш пен алғашқы көмек жинағышын сақтаңыз. Әрбір иесінің жоғары жауапкершілігі ғана автомобилде өрт шығу мүмкіндігін болдырмау тиісті.
БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы