Көпқабатты үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығу

Көпқабатты үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығу

 

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні Орал қаласы, Гагарин 34 мекенжайында орналасқан 14-қабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткен болатын. Оқу жаттығудың мақсаты  шартты өртті сөндіру бойынша жеке құрамның іс-қимылын пысықтау. Оқытудың тактикалық жоспарына сәйкес 15 сағат 00 минутта аталған мекенжайда орналасқан 14 қабатты үйдің 8 қабаттағы пәтерде  өрт шыққаны туралы 101 пультіне  шартты белгі түседі және 8 қабаттағы пәтерлердің бірінде шығып үлгермеген зардап шеккен адамдар бар екені анықталады. Өрт орнына «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ(Орал.қ)» ММ КҚЖБО диспетчері № 3 шақырту бойынша гарнизон бөлімшесінің күштері мен құралдарын жібереді.

Аталған өрттен 20 адам эвакуацияланып, 5 адам құтқарылды.

Өрт 15 сағат 30 минутта  оқшауланып, 15 сағат 32 минутта толықтай жойылды.    

Өрт-тактикалық жаттығуға барлығы  10 техника мен 37 қызметкер қатысты. 

 

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі