
2023 жылғы 7 қыркүйекте Орал қ., М. Мәметов 81 мекенжайы бойынша «Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық» колледжі аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті. Оқу-жаттығудың мақсаты білім беру объектілерінде шартты өрттерді сөндіру бойынша жеке құрамның іс-қимылдарын пысықтау. Тактикалық оқу жоспарына сәйкес 10 сағат 07 минутта колледждің төртінші қабатындағы компьютерлік сыныптағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде шартты өрт туралы сигнал түсті. Бірінші, екінші және үшінші қабаттарда өрт орнынан шығып үлгермеген адамдар бар екені анықталды. ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ(Орал қ.)» ММ КҚЖБО диспетчері өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдарын № 3 шақыру бойынша өрт орнына жібереді.
Өрт - тактикалық оқу-жаттығуға 6 бірлік өрт техникасы мен жеке құрамның 35 адамы жұмылдырылды. Өрт 10 сағат 33 минутта оқшауланды және 10 сағат 35 минутта толығымен жойылды.