«Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы

«Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастырушылық нұсқаулығына сәйкес 2023 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Аталған нұсқаулыққа сәйкес, оқу-жаттығуды өткізуге дайындық жұмыстары аясында 2023 жылғы 4 қыркүйекте жойқын жер сілкінісі орын алған кезде төтенше жағдай салдарын жоюға Батыс Қазақстан облысынан Алматы қаласына жөнелтілетін күштер мен құралдарды жөнелтуді пысықтау мақсатында «Қазақстан Темір Жолы» АҚ Орал филиалының темір жол платформасында жеке құрам мен техникаларды тиеу жұмыстары тәжірибе жүзінде жүргізілді.
Оқу-жаттығу кіріспесіне сәйкес күштер мен құралдарды тиеу 19 бірлік темір жол платформалары арқылы жүзеге асырылады. Барлығы 561 адамнан тұратын 50 құрама және 37 бірлік техника 3 темір жол эшелонымен жіберіледі.