
Қазір ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері мен қарапайым азаматтар мал азығы мен күздік дақылдарды жинау жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Шөпті сақтау орнына тасымалдау және сақтау орындарын дайындау жұмыстары атқарылуда. Шөп жинау кезеңінде өрт қаупі едәуір артады, өйткені кептірілген сабан және пішен санаулы уақытта жанып кетеді. Мұндай жағдайларда үлкен өрттің басталуы үшін кішкене ұшқын жеткілікті.
Шөптің өртенуінің алдын алу үшін келесі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ұсынамыз:
- Шөп оңай тұтанады, ал өрт үйлерге немесе басқа ғимараттарға тез таралуы мүмкін. Сондықтан үйінді ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр және электр желілері мен жолдардан кемінде 20 метр қашықтықта орналасуы керек;
- Ашық алаңда шөпті үйу кезінде минералданған жолақтарды орнату қажет - бұл өрттің таралуын шектеу үшін жасалады;
-Барлық шөптің бір жерде шоғырланбауын қамтамасыз етіңіз;
- Шөп сақталатын орындардың жанында темекі шегуге, от жағуға тыйым салынады;
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.Балалардың отпен ойыны - шөптің өртенуіне жиі себепкер болып табылады.
Өрт туындаған кезде дереу «101» немесе «112» телефоны арқылы хабарлаңыз.
Теректі ауданы ТЖБ