Батыс Қазақстан облысында жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті

Батыс Қазақстан облысында жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын Қазақстан Республикасы бойынша өтетін «Мектепке жол» дәстүрлі акциясына қатысады.

Бұл акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім балалар және оқу жылының басына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға материалдық және өзге де көмек көрсету.

Жыл сайын қалалық және аудандық бөлімшелердің қызметкерлері осы акцияға белсенді қатысады.

Оқу жылы қарсаңында Департамент көпбалалы отбасыларға оқу үшін қажетті оқу құралдарын сатып алуға көмек көрсетті. БҚО ТЖД қызметкерлері 42 балаға жақсы оқу үшін қажет құралдарды: жарқын дәптерлер, қаламдар, түрлі-түсті фломастерлер, альбомдар, бояулар және басқа да қажетті кеңсе тауарлары жинақталған 42 портфель сыйға тартты. Сонымен қатар, 4 оқушыға спорттық костюмдер, 5 балаға спорттық аяқ киім сатып алынды, 2 отбасыға азық-түлік себеті түрінде көмек көрсетілді.

Оқушыларды құттықтап, жаңа оқу жылында мол табыс тіледі.