Автокөлік кәсіпорындары және автоклуб өкілдерімен дөңгелек үстел

Автокөлік кәсіпорындары және автоклуб өкілдерімен дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні «ГАЗБАЛЛОН» профилактикалық іс-шарасы аясында Департамент қызметкерлері, Полиция департаменті және Өнеркәсіптік қауіпсіздігі департаменті қызметкерлерімен бірлесе «Атамекен» ҰКП базасында автокөлік кәсіпорындары және автоклуб өкілдерімен газбаллон жабдығымен жарақтандырылған көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану және тұрақтау кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Оның барысында сондай-ақ автокөліктердегі өрттер бойынша жағдай және жүргізушілердің автокөлік құралдарында сақтауы үшін қажетті шаралар туралы ақпарат жеткізілді.