
Бүгін Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Рашид Бекетұлы Блялов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Өрт қауіпсіздігі кезенінің өтуі және жылыту маусымына дайындық барысы туралы» тақырыбында сөз сөйледі.
2023 жылғы 21 тамыздағы жағдай бойынша облыс аумағында 358 өрт оқиғасы тіркелді, өртте 8 адам қаза тауып, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, өрттен келтірілген шығын сомасы 40 484 000 теңгені құрады.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер санының 20,1%-ға артуы, сондай-ақ қаза болғандар санының 4 адамға және жарақат алғандар санының 2 адамға өскені байқалады..
Өрттердің негізгі себептері тұрғындардың отты ұқыпсыз пайдалануы, электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу.
Облыс аумағындағы мемлекеттік орман қорының жерлерінде өрт қауіпті маусымы 5 сәуірден басталды. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында жалпы ауданы 24965,2 га болатын 14 табиғи өрт және жалпы ауданы 1654 га құраған 89 табиғи жану оқиғасы орын алды. Табиғи өртті сөндіру кезінде 1 адам жарақат алды. Өрттен келтірілген шығын көлемі 3,9 млн. теңгеден астам соманы құрады.
Облыс аумағында ғарыштық мониторинг жүргізу мақсатында дала және орман аймақтарында жану нүктесін дереу анықтау мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» акционерлік қоғамымен 4 млн. теңгеге шарт жасалды. Өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап ғарыштық зондтау қорытындысы бойынша термиялық жанудың 108 нүктесі анықталды, оның 83 жағдайында жану расталды, 25 жағдай бойынша расталмады.
Облыс бойынша ұзындығы 1746 км құрайтын ауылдық елді мекендердің айналасында минералданған жолақтар орналастырылды. Сондай-ақ, орман алқаптарына темір жолдардың іргелес жерлерінде ауданы 912,22 га минералды жолақтар салынды.
Бүгінгі күні барлығы 1 095 рейдтік іс-шаралар өткізіліп, 35 901 жадынамалар мен ұсыныстар табыс етілді. Рейд барысында жалпы сомасы 3 700 125 теңге болатын 218 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы облыс бойынша жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде жергілікті атқарушы органдармен 31 өрт сөндіру бекеттері құрылып, 78 011 тұрғыны бар 150 ауылдық елді мекеннің және іргелес дала алқаптарының қорғалуын қамтамасыз етеді.
Бұдан бөлек, арнайы жоспарға сәйкес 2023 жылы 19 098 тұрғыны бар 12 елді мекенді қамтамасыз ететін 6 өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған. Қазіргі таңда, 4 өрт сөндіру бекеті құрылды.
2023-2024 жж. Жылу беру кезеңі қарсаңында жылу және энергиямен қамтамасыз ету объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ТЖД-ның ерекше бақылауында.
2023 жылдың басынан бастап 2 жылу және энергиямен қамтамасыз ету обьектісі тексерулермен қамтылды. Профилактикалық бақылаумен «Жайықтеплоэнерго» АҚ және прокуратура талабы бойынша «Ақсайжылуқуат» МКК. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының 155 бұзылушылығы анықталды.
Халық арасында қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында 15 тамыздан бастап ауқымды үгіт-профилактикалық жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Бірінші кезекте профилактикалық жұмыспен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды қамтиды.
Бүгінгі таңда ТЖД аумақтық бөлімшелері ұсынған ақпаратына және түзетілген тізімге сәйкес аталған санаттағы азаматтардың 447 отбасы Департаментпен есепке алынды.
Өртте адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алуға бағытталған іс-шаралардың бірі тұрғын үйлерде көміртегі тотығы датчиктерін орнату болып табылады.
Қорытындылай келе, табиғи өрттер мен жанулардың пайда болуын болдырмау және алдын алу мақсатында Департамент тұрғындарға келесі өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауды сұрайды: