«Су қоймаларындағы қауіпсіздік»

«Су қоймаларындағы қауіпсіздік»

2023 жылғы 7 тамыз күні Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратында «Су қоймаларындағы қауіпсіздік» тақырыбында брифинг өтті.

ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Теміржан Танжанов және жедел-құтқару жасағы сүңгуірлік құтқару бөлімшесінің басшысы Алексей Еремеев 5-6 тамыз демалыс күндері обылысымызда 4 адамның, оның ішінде 3 кәмелетке толмағандардың жазатайым суға кетуі бойынша баяндама жасап, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына толық әрі жан-жақты жауап берді.

Облыс тұрғындары және қонақтарына судағы қауіпсіздік бойынша қатаң ескерту жасап, ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.