Шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік туралы

Шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік туралы

Бүгін Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Қанат Қабиболлаұлы Доспаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік туралы» тақырыбында сөз сөйледі.

Жаздың ыстық күндері көптеген отбасылар балаларымен
су айдындарында уақыт өткізеді. Бірақ демалыстың жағымды жақтарынан басқа жағымсыз жағы да бар!

Ересектер де балалар да су айдындарындағы қарапайым мінез-құлық қағидаларын елемейді! Ересектер алкогольдік ішімдіктерді ішкен күйінде су айдындарына барады, балалар ересектердің қарауынсыз
су айдындарында ойын ұйымдастырады! Мұның бәрі, өкінішке орай, қайғылы жағдайларға әкеледі!

Судағы адамдардың алдын алу мақсатында ТЖ Департаменті жергілікті атқарушы және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп кешенді жұмыс жүргізуде.

Су айдындарының қауіпті, шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде 323 тыйым салу белгілері мен 77 ақпараттық стендтер орнатылған.

Құтқарушылармен патрульдеу күн сайын су айдындарының қауіпті және жабдықталмаған учаскелерінде жүргізілуде.

Жыл басынан Республика бойынша 105 адам суға батып кетті, оның ішінде 27 бала

Шомылу маусымы басталғаннан бері Республика бойынша 78 адам суға батып кетті, оның ішінде 21 бала.

Суға шомылу маусымы басталысымен облыс бойынша 6 адам суға батып кетті. 2022 жылдың осындай кезеңінде 13 адам, оның ішінде 5 бала.

БҚО ТЖ департаментінің күшімен 10 адам құтқарылды, оның ішінде 7.

Су айдындарында адам өлімінің негізгі себептері:

- тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылу;

- мас күйінде шомылу;

- жүзе алмау;

- балаларды қараусыз қалдыру.

Демалыс қауіпсіз және ол туралы тек жағымды естеліктер қалуы қажет. Ол үшін су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары туралы ұмытпауымыз қажет.

Су айдындарында рұқсат етілмейді:

- «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға;

- жүзудің шекарасын белгілейтін қалқыбелгілерден кейін жүзуге;

- шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзуге;

- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жағажайлардан, табиғи құралымдардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;

- жалған дабыл айқайларын беру;

- су айдындарында қауіпсіздік белгілерін өз бетімен жоюға (алуға), бүлдіруге немесе орнатуға жол берілмейді;

- суға кіруге және алкогольді және есірткіге мас күйде шомылуға;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- су айдындарындағы қауіпсіздік белгілеріне, қалқыбелгілерге шығуға;

- балаларға ересектерсіз суға кіруге жол берілмейді.

Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар, төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау ҚР ӘҚБ кодексінің 412-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Жеке тұлғаларға 7 АЕК (24150 тенге), заңды тұлғаларға 10 АЕК (34 500 т.).