
2023 жылдың 25 шілде күні Төтенше жағдайлар департаменті және Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ұйымдастыруымен өткізілген «Батыс Қазақстан облысы аумағындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстел барысында облыс аумағындағы табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік өртке қарсы қызметінің материалдық-техникалық жай-күйі мен шешімін таппай жатқан күрделі мәселелер талқыланды.