
2023 жылғы 13 шілдеде сағат 20.45-те «Сандықтар» дүкені шамасында Шаған өзенінің маңындағы қамыстарда ер адамның адасып кеткені жөнінде хабарлама 112-ге келіп түсті, шақыру орнына жедел-құтқару жасағынан 5 құтқарушы және 1 бірлік техника дереу жетті.
Оқиға орнында құтқарушылар ер адамның қалалық демалыс саябағында серуендеп жүргенде қамыс арасында адасып кеткенін анықтады, (жоғалған ер адам Алматы қаласының тумасы, Орал қаласында жұмыс істейді екен).
Ер адамды тапқаннан кейін жағаға шығарды. Құтқарушыларға шағым болған жоқ.