
«Қауіпсіз балалық шақ» ашық аспан астындағы қауіпсіздік мектебінің кезекті сабағы
Су айдындарында жазатайым оқиғалардың туындау қаупін азайту, сондай-ақ балаларды судағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі дағдыларына үйрету және білімін насихаттау мақсатында Жедел-құтқару жасағы мен №5 өрт сөндіру бөлімінің негізінде «Қауіпсіз балалық шақ» ашық аспан астындағы қауіпсіздік мектебінің кезекті сабағы ұйымдастырылды.
Сабақ барысында құтқарушылар балаларға төтенше жағдайлар кезіңдегі қарапайым дағдылар мен қауіпсіздік мәдениетін үйретті, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету бойынша мастер-класс көрсетті, өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығымен таныстырды. Бұл іс-шараға 100-ден астам бала қатысты.
БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы