Моншалар мен сауналардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Моншалар мен сауналардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Моншалардағы өрттердің себептері: өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, пеш жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу, отпен абайсызда жұмыс істеу, электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу болып табылады.

Моншаны, каминді, пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет.

Моншалар мен сауналарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің қандай талаптарын есте сақтау қажет?

Егер жұқа қабырғалы металл пеш ағаш еденге арнайы іргетассыз орнатылса, оның астына асбест парағы мен жұқа металл парағы салынуы қажет. Кішкентай кірпіш подиум жасауға болады. Осылайша едендерді отын немесе көмірдің кездейсоқ түсуінен қорғайды. Кез-келген металл жылытқыш қабырғаға 20 сантиметрден жақын орнатылмауы қажет. Қабырғаның ағаш қаптамасын (вагонка) қорғау үшін арнайы жылу шағылыстыратын экрандарды қолданыңыз. Олар қабырғадан немесе төбеден кішкене бос орынмен орнатылады.

Кірпіш пешті пайдалану кезінде оның жағдайын үнемі қадағалап тұру қажет. Пештен немесе мұржадан жарықтар, сынықтар, кірпіштің түсуіне жол бермеу керек. Егер бұл орын алса, пешті жөндеуді кейінге қалдырмаңыз.

               Көбінесе өрттің себебі зақымдалған немесе дұрыс жасалмаған электр сымдары болып табылады, әсіресе егер сізде электр монша пеші болса. Электр сымдарын сауатты және дұрыс орнату қажет. Сымның жоғарғы кернеуіне төзімділігі пештің белгіленген қуатына сәйкес келуі керек. Сымның маркасы жоғары температуралық режимге сәйкес болуы керек. Электр пешін пайдалану орны бу бөлмесінен тыс, құрғақ бөлмелерде орнатылуы керек. Саунадағы температура автоматты түрде сақталып, 110 градустан аспауы керек. Егер автоматика ақаулы болса, оны тез арада жөндеу қажет, себебі сіздің қауіпсіздігіңіз термостат пен басқа да компоненттердің дұрыс жұмыс істеуіне байланысты.

«Электрокаменки» қуатын бу бөлмесінің мөлшеріне қарай таңдау керек. Моншадағы дұрыс жабдықталмаған пеш, көбінесе өрттің себебі болып табылады. Пеш жабдықтарын монтаждау және орнатуды мамандар жүргізуі тиіс!

Көбінесе моншадағы өрт дұрыс орнатылмаған мұржадан болады. Түтін мұржасында күйе пайда болады. Бұл жағдайда жалын шатырды зақымдауы немесе шатырға таралуы мүмкін, бұған жол бермеу үшін мұржаның тазалығы мен жарамдылығын қадағалау керек, ондағы бітелулерді уақытында тазарту қажет. Ағаш 280-300 градустан жоғары температурада оңай тұтануы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Осыған байланысты, моншаның өрт қауіпсіздігі, ағаш конструкцияларын арнайы отқа төзімді құрамдармен сіңдіруді көздейді. Моншаның жақсы желдету жүйесін есте сақтау керек.

Ешқандай жағдайда пешті жағу үшін бензин немесе басқа ұқсас сұйықтықтарды қолдануға болмайды. Осы мақсатта кәдімгі газет пен қайың қабығы бар құрғақ қайың ағашынан артық ештеңе жоқ.

Адамдардың моншасы жанып жатқанын ұмытып кететін кездер болады. Жанып жатқан пешті бақылаусыз қалдыру өртке әкелуі мүмкін. Жоғарыдағы тармақтар моншаның немесе саунаның тікелей өрт қауіпсіздігі. Бірақ қарапайым "заттарды" ұмытпаңыз, моншада алкоголь ішуге, темекі шегуге, пештің үстінде киім кептіруге, моншаны қараусыз қалдыруға болмайды.

Осы ережелердің барлығын сақтау сізді өрттен қорғауға көмектеседі.

 

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы