Құтқару жұмысы

Құтқару жұмысы

Ағымдағы жылдың 20 маусымында 17 сағат 28 минутта 101 пультіне Теректі ауданы, Пойма ауылы, Шевченко көшесі мекенжайы бойынша шақырту келіп түсті. Шақырту орнына келген соң, көрсетілген мекен-жай бойынша, май зауытының аумағында 2011 жылы туған баланың қолын арматурамен тесіп өткені анықталды. Шақырту орнына жедел келген құтқарушылар баланың қолын арматурадан босатып, 18 сағат 20 минутта құтқару жұмыстарын толық аяқтады. Құтқарылған баланы жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Оқиға орнында БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының 1 техникасы мен 4 қызметкері жұмыс атқарды.