Балаларды қорғау күніндегі қауіпсіздік мерекесі

Балаларды қорғау күніндегі қауіпсіздік мерекесі

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 5 өрт сөндіру бөлімінің аумағында мереке күніне орай ата-ана, ата-әжелерімен бірге қонаққа келген балақайлар көңілді және қызықты уақыт өткізіп қана қоймай, мұражайда өрт сөндіру ісінің қалыптасуы, оның даму тарихын, маңызды ережелерді ойын түрінде есте сақтап, игере алды, бұл көптеген жағдайларда қиындықтардан аулақ болуға көмектеседі. Балалар викторина сұрақтарына қуана жауап беріп, тәтті сыйлықтар алды.

Өрт сөндіру техникасының жұмысы, қаруланған авариялық-құтқару жабдықтарын көрсету қызықты, әрі әсерлі болды. Өрт сөндіру машинасы қонақтардың назарын бірден аударды. Техникамен танысу оның мүмкіндігі туралы әңгімемен өрбіді. Құтқарушы рөлін сезінгісі келетіндер көп болды, балалар көліктің кабиналарына көтеріліп, отырды, құтқарушы рөліндегі қызықты сезім олардың көздерінен көрінді. Іс-шара спорттық ойындармен көңілді өтті.

Акцияны ұйымдастырушылар балаларды қорғау күні нағыз қауіпсіздік мерекесіне айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысты, өйткені балалық шақ – ең бақытты және алаңсыз уақыт қой.

Ересектердің міндеті - күш-жігерді балаларды қорғаудан тұрады, ал балалар барлық қиыншылықтар мен қауіптерден қорғалған болуы тиіс.

Өрт сөндіру бөліміндегі сабын көпіршіктерінің шашырауы, балалардың қуанышы мен көңілді күлкілері, жағымды эмоциялар, тәтті сыйлықтармен жалғасын тапты.

Бұл күні қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балалары да назардан тыс қалмады. Балаларға төтенше жағдайлар ардагерлері кеңесінің атынан материалдық көмек көрсетілді. Бұл қызметкерлер туралы естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Ал, балалар кәмелетке толғанға дейін гарнизонның жеке құрамы және азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің қамқорлығында болады.    

Серік Құсайынов БҚО ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы